25 Маусым, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы №387

267 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 19 сәуір , Астана қаласы «Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 223 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. «Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 223 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7793 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 22 тамызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі №387 бұйрығына қосымша «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 223 бұйрығымен бекітілген» Нысан ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫ ТАЛАПТАРЫНЫҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫН ЖОЮ ТУРАЛЫ №________ НҰСҚАМА ПРЕДПИСАНИЕ ОБ УСТРАНЕНИИ НАРУШЕНИЯ ТРЕБОВАНИЙ ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ОБ ЭНЕРГОСБЕРЕЖЕНИИ И ПОВЫШЕНИИ ЭНЕРГОЭФФЕКТИВНОСТИ №_______ 20___ жылғы/года «___» ___________ ______________________________________ құрастыру орны/место составления 20___ жылғы «___» _____ тексеру тағайындау туралы № ______ актінің негізінде На основании Акта о назначении проверки от «____» __________ 20___ года № _____ _____________________________________________________________________________________________ (тексерілетін субъектінің атауы/наименование проверяемого субъекта) қатысуымен/в присутствии ___________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ (тексеруді жүргізу кезінде сол жерде болған жеке немесе заңды тұлға өкілінің аты-жөні, лауазымы фамилия, инициалы, должность представителя физического или юридического лица, присутствовавших при проведении проверки) Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасы талаптарының сақталуына тексеру (іріктелген, жоспардан тыс) жүргізілді/проведена _____________________ проверка (выборочная, внеплановая) cоблюдения требований законодательства Республики Казахстан об энергосбережении и повышении энергоэффективности 20___ жылы «___» _____ тексеру нәтижелерi туралы № _______ актімен Актом о результатах проверки «____»_______ 20_____ года № _______ талаптардың бұзушылықтары анықталды/установлены нарушения требований _______________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ (тексеру парағының атауы, бекітілген күні, №/наименование проверочного листа, дата утверждения, №) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес НҰСҚАМА беремін: В соответствии со статьей 7 Закона Республики Казахстан от 13 января 2012 года «Об энергосбережении и повышении энергоэффективности» ПРЕДПИСЫВАЮ: 1. Мынадай бұзушылықтар жойылсын/Устранить следующие нарушения: р/с № Нормативтік құқықтық актілердің тиісті тармақтарына сілтемені көрсете отырып анықталған бұзушылықтар/Выявленные нарушения с указанием ссылки на соответствующие пункты нормативных правовых актов Жою мерзімдері /Сроки устранения 1 2 3 1 2 3 … 2. Нұсқаманың орындалғаны туралы ақпаратты растайтын құжаттар қосымшасымен ұсыну/Представить информацию об исполнении предписания с приложением подтверждающих документов в: _______________________________________________________________________________________________ (тексеруді жүргізген органының атауы/наименование органа, осуществившего проверку) Тексеру жүргізуге, нұсқаманы рәсімдеуге және беруге уәкілетті лауазымды тұлға (лар)/Должностное (ые) лицо (а), уполномоченное (ые) на проведение проверки, оформление и выдачу предписания: ______________________________________________ ____________ (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/ (қолы/подпись) (Фамилия, имя, отчество (при его наличии) ______________________________________________ ____________ (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/ (қолы/подпись) (Фамилия, имя, отчество (при его наличии) ______________________________________________ ____________ (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/ (қолы/подпись) (Фамилия, имя, отчество (при его наличии) Нұсқамамен таныстым және бір данасын алдым:/С предписанием ознакомлен и один экземпляр получил: __________________________________________________________________________ Тексерілетін субъектінің (объекті) басшысы (өкілі)/ (қолы/подпись) Руководитель (представитель) проверяемого субъекта (объекта) _________________ (күні/дата) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 30 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13750 болып енгізілді.
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше